Тіс тазалығы мен оны күту қашан да адамның ас қорытуы мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан стоматолог дәрігерлер ауруды асқындырмай ерте кезеңде емдеп алуға кеңес береді.
Рауан Баймамыров, стоматология директоры:
Өзіміздің стоматологияда тек қана жаңадан цифрлық мүмкіндіктерді құттықтайды. 3д тістерді модельдеп шығарамыз. Адамның ешқандай көмегінсіз. Біздің қаламызда жаңадан келіп жатқан система. жуырда стомалияға микроскоп келеді соны түсіп отырмыз.
«Рауан» стоматологиясында 15 маман жұмыс істейді. Күніне 25-30 адам келіп, диагностикадан өтіп, тістерін емдейді. Ұсынылатын қызмет құны қолжетімді, әрі тиімді. Ал, көпбалалы аналар мен балалар, зейнеткерлерге жеңілдік болса, кейбір мұқтаж жандарға тістерін тегін емдеу мүмкіндігі қарастырылған.
Рауан Баймамыров, стоматология директоры:
Қайырымдылық қоры дегеніміз – біз айына тмүқтаж тұрғындарға айына бір кісіні бір кісіні алып, тістерін емдеп. Осындай шараларын ұйымдастырайын деп жатырмыз.
Дәрігердің сөзінше, соңғы уақытта адамдар тіс күтіміне, оның жалпы жағдайына аса мән бере бастаған. Сондықтан тұрғындардың басым бөлігі сапалы, әрі бағасы қолжетімді тіс емханаларын таңдауға тырысады.
Самал Қалиқызы