Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жарақат алып стационарға жатқызылған пациенттердің жағдайы ауыр. Басым бөлігінің миы шайқалған. Тағы үш адамның миының көгеруі, тері сыдырылуы, буындардың орнынан шығуы және бас миының шайқалғаны анықталды. Еске салайық, апат салдарынан тоғыз адамға медициналық көмек қажет болды. Қазіргі таңда алдын ала болжам айту қиын,-дейді дәрігерлер.

Дархан Мұсылманов, №1 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Үш науқастың да барлығы бас сүйектері жарақат алған. Өте ауыр. Милары шайқалған. Кеуде қалқалары зақымданған. Алдын ала болжам айта алмаймыз. Әлі ерте. Пока емдеу жалғасуда.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы