Медбикелер аурумен күресте дәрігермен қатарлас қызмет етеді. Тіпті кей кездері одан да асып түседі деуге болады. Себебі, науқастарға дәрі егу, талдаулар жинау, жан сақтау бөлімінде түнімен кезекшілік ету осы азаматшалардың мойынына жүктелген. Осынау жауапкершілікгі ауыр міндетті арқалап жүру оңай шаруа емес. Сондықтан, әрбір медициналық қызметкер құрметке лайықты.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бүгін біз халықаралық медбикелер мерекесін атап өтіп жатырмыз. Бұл жауапкершілікті талап ететін өте күрделі мамандық. Әсіресе, пандемия кезеңінде бұл азаматшалардың атқарар жұмысын жете түсіне білдік. Сондықтан барлық мейіргерлеге шыдамдылық, денсаулық және әйел бақытын тілеймін.

Сыны мен міні қатар жүретін қызметте ерекшеленіп көзге түскен медбикелер облыс әкімінің құрмет грамотасымен, сондай-ақ, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, «СЕНІМ» медициналық мекемелер арасындағы кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Күлмайда Әбілева, Ақсу қалалық ауруханасының медбикесі:

Енді бұл өзіміздің істеген еңбегіміз ғой. Сондықтан да өте ризамын. Қуаныштымын. Істеп жатқан ұжымның, басшыларына, меңгерушілеріне сол кісілермен бірге ғой. Сондықтан бәріне жақсылық тілеймін, еңбектері жемісті болып, әоі қарай жастар өрлей берсін деп ойлаймын.

Павлодар облысы бойынша 6 мыңнан астам медбикелер бар. Осы сала қызметкерлеріне мемлекет тарапынан да қолдау жасалып жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Қазірдің өзінде медбике мамандығын меңгерген жастардың қатары артып келеді,-дейді басқарма басшысы. Бірақ, аталмыш мамандықтардың тапшылығы барын да жасыруға болмайды. Әсіресе, щалғай ауылдарда қызметкерлер ауадай қажет. Алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табатын болады,-деп сендірді Айдар Сейітқазинов.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы