Адасқан тарғыл тарихтың қойнауында белгісіз болып келген Сұлтанбет Мұхаммед сұлтан жайлы тың деректер табылып, қалың көпшілікке ұрпақтары мен ғалымдардың сүйіншілегеніне көп уақыт өткен жоқ. Сұлтанбет Жоңғар шапқыншылығына талай төтеп беріп ерлік көрсеткен батыр. Қазақ-қытай арасындағы келіспеушілікті шешуде мәмілегер ретінде танылған дипломат.
Жұмабек Қамзин, қоғам қайраткері, Сұлтанбет Сұлтан ұрпағы:
1771 жылы «Шаңды жорыққа» осы Ертіс жағалауынан 50 мың қылыш қол көтерген екен ол кісі. Ол ана Балқаштың маңайында болған шайқас. «Шаңды шайқас» сол жерде 60 жасында жылқының үстінде отырып қылышпен жау шапқан екен ол кісі. ол ерлігі үшін сол уақытта ол кісіге баһадүр деген атақ берілген.
Сұлтанбет сұлтанның резиденциясының сызбасы табылып, үй – жайы толық қалпына келтірілген. Қыстақты испан патшаларының ұрпағы Яков Де Кастро Ласерда салған. Тарихи жәдігерді тауып, ұлт тарихына өлшеусіз үлес қосқан азамат өлкетанушы Виталий Сирик.
Виталий Сирик, өлкетанушы:
Мен Омбы, Орынбор архивтерінде барып жұмыс істеймін. Әлі күнге дейін олар маған құжаттарды жіберіп отырады. Сұлтанбек сұлтан туралы бүгінде мыңға тарта құжат жиналды. Жұмыс тоқтамай жүріп жатыр. Омбыға 3-ші рет барғанда қолыма түскен құжаттардың ішінен Сұлтанбек сұлтан үй жайының сызбасын көріп қатты қуандым. Ол Коряков порпостына қарсы, Павлодардан 8 шақырым жерде орналасқан екен.
Гүлсара Мәлікова, тілші:
Осылайша табылған құнды құжаттың арқасында Сұлтанбек сұлтанның резиденциясы қалпына келтірілді. Ұлы атаның ұрпақтары мен өңір ғалымдары, меценаттардың бірлесе жасаған игі ісінің нәтижесі бүгінде қаланың ең қымбат тарихи жәдігері болып менмұндалап тұр. Ішіне кірсеңіз 18-ғасырға енгендей күй кешесіз. Міне, бұл Сұлтанның тағы, сол дәуірдің заттары көне дәуірдің өмірінен хабар беретіндей. Мұнда Сұлтанбек сұлтанның тарихи деректерге сүйене отырып жасалған портреті де бар.
2019 жылы Сұлтанбет Сұлтан үй жайы республикалық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілді. Мұнда қасиеттер жерлер географиясының зертханалары, археологиялық зерттеу орталығы және рухани жаңғыру кабинеті орналасқан. Алдағы уақытта Ертіс өңірінің археологтары арнайы экспедиция аясында Сұлтанбек сұлтан бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ.
Гүлсара Мәлікова, тілші:
Тарғыл тарихтың қызықты мәліметтерін білгіңіз келсе, бүгін сағат 19.35-те «Ертіс» телеарнасынан «Жерұйық» бағдарламасын тамашалаңыздар!
Гүлсара Мәлікова