Сәкен Майғазиев атындағы «SMart» өнер мектебінің оқушылары Алматы қаласында өткен «Фэст-Алтын күз» республикалық байқауынан жүлделі оралды. Талантты балалар Ертіс арнасының таңғы «Жаңа күн» бағдарламасында қонақта болды.


11 қараша күні Алматы қаласында «Фэст-Алтын күз» байқауы өтті. Өңірден барған 10 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болды. Олар бірінші, екінші, үшінші орындар мен үш бірдей гран-приді қанжығаға байлаған.

Темірлан Смағұлов, гран-при иегері:

Мен осы «SMart» өнер мектебінде оқығаныма 5 жыл болды. Осы төрт жылдың ішінде мен көптеген жетістіктерге жеттім. Өзбекстанға бардым, Туркияға бардым, Испанияға бардым. Олардың бәрінен ата-анамның үмітін ақтап, жақсы орындар алдым.

«Смарт» мектебі осыдан 5 жыл бұрын Алматы қаласында ашылған еді. Павлодардағы нүктесі тұсауын осы жылдың наурыз айында кесті. Бұл өнер мектебі тәрбиеленушілерінің қатынқан екінші ауқымды байқауы.

Анар Смағұлова, өнер мектебінің басшысы:

«SMart» өнер мектебінің балаларын жақсы бір қазақи нақышта тәрбиелеп, өнерге баулып және көптеген конкурстарға, бақтарын сынайтын жерлерге барып, өнерлерін сынасақ дейміз. Өйткені, біздің болашағымыз – осы балалар.

Бүгінде мектепте барлығы 40 бала білім алады. Оқушылар алдағы уақытта халықаралық байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.


Ақмаржан Қалымбек