Халықаралық «Жыл еріктісі – 2022» байқауында павлодарлық іздеушілер үздік деп танылды. Ал, Люддила Былинина білімді насихаттаудағы еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды.


Павлодарлық «Vita» іздеу жасағы «ең үздік іздеуші жасақ» номинациясы бойынша үздік танылды. Қоғамдық бірлестік өздері құрылған бір жылдың ішінде із-түзсіз кеткен жүздеген адамды тапқан. Олардың қатарында ересектер де, балалар да бар.

Людмила Былинина, «Павлодар қаласының VITA іздеу жасағы" ҚБ үйлестірушісі:

Үміткерлер өте көп болды. Әр номинация бойынша шамамен он адам үздік болу үшін таласты.

Кез-келген бірлестік оның мүшелерімен көрікті. Сондықтан, бүгінде бірлестіктің өз ішінде бірлік бекем. Бір-біріне әрқашан үйретугы тырысады. Ұиын жағдайда қалай ұстау керектігі турасында жиі әңгімелеседі.

Людмила Былинина, «Павлодар қаласының VITA іздеу жасағы" ҚБ үйлестірушісі:

Әрине, біз әрқашан өзімізге сенімді болдық. Біз нені қалай, не үшін істейтінімізді жақсы білеміз. Қазақстан халқының сенімін, қолауын ақтағанымыз үшін қуаныштымы.

Байқау екі кезең бойынша өтті. Біріншісі халықтық дауыс беру кезеңі, екіншісі қазылардың таңдауы. Айта кетейік, «Vita» еріктілері Екібатұзда жұмыс істеген жандарға да көмек қолын созды.

Қуандық Танабас, Жанасыл Серікбол