«ERTIS» телеарнасының экранында жаңа бағдарлама! "ОйLike"деген атаумен көрермен назарына ток-шоу форматында ұсынылған жоба қоғамдағы күрделі мәселелерді нысанаға алады. Бағдарламаның қазақ тілді нұсқасының алғашқы саны иесіз үй жануарларынан келетін қауіптің алдын алу тақырыбын қозғайды.

 «ERTIS» телеарнасының шығармашылық тобы үнемі ізденіс үстінде. Мақсат - халықтың көкейіндегін дөп басып, мәселенің шешімін табуға ат салысу. Бұл орайда өзекті жәйттарды тұрғындар тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып, телеарна алаңында ортаға салады. Мәселен, заң жобаларын, тіпті қолданыстағы кейбір заңдардың олқы тұстарын сын садағына алады.

Құралай Рахымжанова - «OйLike» бағдарламасының сценарий авторы:

Бұл бағдарлама халыққа жақын, халықтың үнін естуші мемлекет құрудағы телеарна ұжымы тарапынан ұсынылған жоба, таптырмас ашық алаң. Біз әрқашан көременнің көкейіндегіні табуға тырысамыз, жаңа қоғам құрудағы кедергілерді анықтап, оны шешу жолдарын айқындауға күш саламыз.

Бағдарламаның қазақ тілді алғашқы нұсқасы кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Павлодар облысындағы белді, беделді ақпарат құралдарының бірі - «ERTIS» телеарнасына хабарласқан көремендер пікірі ескерілді. Яғни, былтырғы жылы қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр.

Құралай Рахымжанова - «OйLike» бағдарламасының сценарий авторы:

Қабаған иттердің адамдарға шабуыл жасауы үлкен мәселенің ұшын көрсетті. Гумманистік көзқарастағы топ оларды асырап бағуды жөн санаса, келесі топ олардың көзін жойғанды дұрыс көреді. Бірге ойлап, бірге талқылау барысында қабылданған заңның шикі тұстары бар деген пікір көпшілік дауысқа ие болды.

«Қоғамда әлде де ескерер жәйттар жетерлік дейді»,- шығармашылық топ өкілдері. Көппен ақылдасқан істің оң нәтиже берері сөзсіз. Мәселені бірге "ОйLike"!. «ERTIS» телеарнасы алаңында бірге талқылайық!