Бүгін шетелдік тіркеудегі көліктерді легализациялау шарасы басталды. Мүмкіндікті пайдалануға павлодарлықтар да асығуда. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына түске дейін 50 ге жуық адам келіп, өтініш берген.

Ерғазы Тайшыбаев өзінің көлігін 2021 жылы Армениядан әкелген. Легализация шарасы аясында павлодарлықтар ішінде алғашқы болып көлігіне қазақстандық номерді алуға келді.

Бұл жерде барлық мүдделі мекемелердің өкілдері жұмыс істеуде. Тіпті, арнайы жағдаяттық кабинет жасақталып, легализацияға қатысты тұрғындардың сан түрлі сауалына жауап табуда.

Автоцонда ажиотаж байқалмайды. Мамандар оның себебін көп жұмыстың онлайн атқарылып жатқандығымен түсіндіреді. Түске дейін 50 адам келіп арыз берді.

Легализация бір реттік шара екендігін атап өту керек. 2023-жылдың шілде айының біріне дейін жалғасады.

Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко