Жас мұғалімдер арасында «Нью вижн» облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Дебатта еңбек өтілі 5 жылдан аспаған жас мамандар бақ сынады. Сөз жарыста қала мен облыс аудандарынан бас қосқан 98 қатысушы түрлі тақырыптарды талқыға салды.

Қатысушылар 24 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Бұл дебаттың басты ерекшелігі - сөз жарысы 3 тілде өтті.

Жиынға келген жас мамандар пікірсайыстың ұстаздыққа берер пайдасы мен дебаттағы тәжірибелерімен бөлісті. Айнұр Әлиакбар - №25 ЖОББМ мектебінің тарих пәні мұғалімі. Бүгінде бұл білім беру технологиясын өз сабақтарында жиі қолданады.

Бұндай турнирге физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Ақылбек екінші рет қатысып отыр. Жас маман жиыннан мол тәжірибе алғанын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Қатысушылар берілген тақырыпқа сай пікір таластырып, ойларын ашық жеткізді. Жиын соңыда женімпаздар түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Ақмаржан Қалымбек