Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеу алгортмін мамандар жақын арада ұсынады. Облыс әкімі Асайын Байханов жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерді аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Молдағұлова көшесі бойындағы "Шахтер" стадионының жанында ұзындығы 50 метр тозған желі учаскесін ауыстыруға дайындық жүргізіліп жатыр. Шәкәрім көшесі мен Абай көшесінің қиылысында мамандар ұзындығы 340 метр болатын ТМ-5 жылу желісін құрастырады. Бүгінде жөндеу жұмыстары жасалған 40 учаскенің 29-ы қалпына келтірілді. Темірбетон науаларын орнату қажет болған 11 учаскедегі жұмыстар келесі аптаның соңына дейін аяқталмақ.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Жаңа 11 ақау бар. Ауа-райының бұзылуына байланысты ол жұмыстарды тоқтаттық. Күн жылынған соң барлық 11 ақауды жоюға дайынбыз. Ағымдағы жағдай осындай.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Жаңағы зақымдар 11-і жаңадан белгіленгені ме? - Жаңадан, осы күндері. - 11-нің қайсы магитральдік? - барлығы кварталішілік.

Екібастұз тұрғындары үшін жылу ақысы қайта есептеліп жатыр. Мамандар алгортмін келесі аптада ұсынбақ. Жедел штаб отырысын өткізген Асайын Байханов жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жөндеу науқанына дайындық жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Өңір басшысы қазірдің өзінде қажетті материалдың 70%-ын сатып алып, жұмыс кестесін жоспарлауды қадап айтты.

Аяулым Рахымжанова