Аналар кеңесі бастамасымен аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары үшін трамваймен қала ішінде экскурсия жасалды. Бүлдіршіндерге көне ғимараттардың тарихы айтылып, ұйымдастырушылар ерекше көңіл күй сыйлады.

Аталған шара Павлодар облысының 85 жылдығы мен Достық үйінің 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Әр айдың 15-і күні аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін трамваймен қала ішінде экскурия жасалады.

Экскурсия жетекшісі шаһардың мәдени ошақтармен таныстырып, тарихынан сыр шертті.

Әз наурыз мейрамына орай аналар кеңесі бүлдіршіндерге бауырсақ пен тәттілерін де дайындап келген. Темір жол үстіндегі саяхат бүлдіршіндердің көңілінен шықса керек, трамвай іші шад-шадыман әсерге бөленді.

Аталған шара қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұдан бөлек басқа да мәдени және қайырымдылық іс-шаралар жоспарланып отыр.

Ақмаржан Қалымбек