Биыл рамазан айы Наурыздың 23-і күні басталады. Барша мұсылман қауымы бұл жолы 29 күн ауыз бекітеді. Ораза айына аймағымыз қалай дайындалуда? Бұл парыздан кімдер босатылады?

Орталық Азия елдірінің мүфтияттары бірлесе отырып, рамазан айының алғашқы күні 23-наурыз деп бекітілді. Пәтуа саласының ғалымдары, ғылыми негіздерге сүйене отырып осындай шешім шығарған. Ал, 22-наурыз күні құптан намазанын соң тарауық намазы оқылады.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы:

Бұл жыл ораза 29 күн болады. 29 күнге созылады. Сәуір айының 20-сы күні рамазан айы бітеді. 21-сәуір күні ораза айт мерекесін біздер нағыламыз, атап өтеміз. Ал енді қадір түніне келетін болсақ, қадір түні сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн болып неғылды, бекітілді.

Биылғы пітір сақада мөлшері республика бойынша 535 теңге болып бекітілді. Бұл 2 кг ұнның бағасы. Немесе жағдайы бар адамдар 2 кг мейіздің немес 4 кг құрма бағасының мөлшерінде пітір беруіне де болады. Облыста жалпы 104 мешіт рамазана айын қарсы алуға дайын. Мұсылман, балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс адамдардың барлығы ораза ұстау парыз саналады.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы:

Енді ораза кім ұстамайды? Сіздер білесіздер ауырған кісі ораза ұстамайды. Жасы үлкен ақсақалдар мен әжелерге парыз емес. Сырқаттанған адам екі түрлі болады. Созылмалы және емеделтін. Дәрігер ораза ұстауға болмайды, дәрі ішіп, тамақтанып отыруың керек десе, ондай кісі підия деген садақасын береді.

Бұл айда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мұқтаж отбасыларға әр түрлі материалдық көмек түрлері беріледі. Осыған орай дін өкілдері кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына ат салысуға, бағаны өсірмеуге, мүмкіндік болса арзандатуға, ішімдік сатудан бас тартуға шақырады.

Жанасыл Серікбол