Ақсу қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде Наурыз мейрамына орай ұмыт бола бастаған дәстүрлер насихатталды. Мектеп қабырғасында құрылған «әжелер клубы қазақ қыздарына қатысты ырым-жоралғы түрлерін көрсетті.

Ақсу қалалық Алтынсарин мектебінде 8-11 сынып оқушылары «Қош келдің, әз наурыз» шаарсына қатысты. Оқушылар үш ауылға бөлініп, қлттың рухан мұраларын көрсетті.

Индира Егісқызы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі басшысының м.а.:

Күн мен түннің теңелуі, ақ пен араның айырмасы. Одан кейін қыстан аман шығып, жақсы көңіл-күймен қарсы алатын мереке ғой. Іс-шараның барлығы ойын-сауықтан тұрады.

Шараға әжелер де қатысыып ежелгі салттың түрлерін көрсетті. Шолпы тағу мен сырға салудың мағыснасын, шашбаудың сырын айтты.

Шамшия Құсайынова, «Асыл мұра» клубының жетекшісі:

Біздің ата-бабамыздың салт-дәстүрімізді насихаттау біздің міндетіміз. Көп жақсылық әкеледі деп ойлаймын.

Мектеп қабырғасындағы «Шебер» клубы қыздарға арналған тақия жасауды қолға алған. Ұлттық нақыштағы ерекше тақиялар бүгінде танымалдылыққа ие болыпты.

Айша Таласова, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы:

Әсіресе гаурыз мерекелеріне орай оларға өте көп тапсырыс берілуде. Олардың осындай қолдан жасалған тақиялары танымал юеделге ие болып отыр.

Шараға ата-налар да ат салысты. Оқушылар ән айтып, күй тартып мерекелік көңіл-күйді айшықтай түсті.

Жанасыл Серікбол