Ыбырыай Алтынсарин атындағы қазақ гимназия интернатының оқушылары ата-аналардың арнайы дайындаған наурыз көжесінен дәм татты. Шараға білім ордасының барлық сыныбының ата-аналары ат салысқан.

Нәсима Әменованың баласы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің сегізінші сыныбында оқиды. Ұлттық мейрамға орай барша ата-налармен бірлесіп оқушыларға жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көже дайындап келген.

Наурыз көженің қадірі де, қасиеті де бөлек. Еттің сүрісі, әр түрлі сүт тағамдары мен дәнді дақылдардың ең құнарысы қосылып жасалады. Білім ордалары наурыз мейрамына орай негізінен ұттық салт-сана мен дәстүрді насихаттауда.

Оқушылар дәлізде қаз - қатар қойылған көже мен бауырсақтан дәм татуда. Балалар болашамғыз деп білетін әр ата-ана бұл іске аянбай ат салысқан. Оқушылар көже мен бауырсақтың дәмді болғандығын айтып, алғыстарын жеткізуде.

Шараға барша мектеп ұжымы мен аналар кеңесі, «Кәусар бұлақ» атты әжелер клубы да ат салысқан. Наурыз мееркесіне орай мектеп қабырғасында бұдан да өзге тәрбиелік, спорттық мазмүндағы шаралар көптеп өтуде.

Жанасыл Серікбол