Сондай-ақ, республикалық домбырашылар челленджіне Аманжол Шәмкенов атындағы мектеп – лицейінде де өтті. Онда өткен челленджге номері отыз бесінші және жиырма сегізінші мектепті оқушылар да ат салысты.

Құрманғазының «Балбырауын» күйі ел арасына кең тараған күйлердің бірі. Домбыраның серік етсем деп алғаш үйрене бастаған шәкірттердің де алғашқы болып меңгеретін туындыларының қатарында. Шарағ қатысушылар бір деммен соны туындыны оңай орындады.

Сарбиназ Шарипова, А. Шәмкенов атындағы мектеп-лицейі басшысының орынбасары:

Біздің балалардың, жасөспірімдердің, педагогтердің музыка саласындағы жетістіктерін көрсету. Қазақ халқының музыка саласындағы жетістіктерге қызығушылығын артыру болып табылады.

Аманжол Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінде өткен домбыра челледжіне 70-тен астам оқушы ат салысты. Қатысушылардың барлығы болашақта үлкен күйші болсам деген жасөспірімдер.

Аружан Сәденова, қатысушы:

Нағыз қазаққазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп ақиық ақын Қадыр Мыра Әли айтқандай «балбырауын» күйін орындадық. Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақ халқының муызкалық мұрасы бай. Бүгінге жетістігі де әлем белгілі. Ал, күй мұрасы қазақтың ғана әлемдік мәдениетке қосқан үлесі ретінде бағаланады.

Жанасыл Серікбол