Биыл облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 88 млрд теңге бөлінген. Былтыр қор есебінен 2000-ға жуық азаматқа ота жасалды. Алайда өңірдің 131 мың тұрғыны әлі күнге дейін сақтандырылмаған.

Сақтандыру қорына тіркелмеген азаматтар жоспарлы түрде толық ем қабылдай алмайды. Бұл адамдарға медициналық көмектің кейбір түрлері ғана қарастырылған. Сондай-ақ аймақтың 86 мыңнан астам тұрғыны соңғы 12 айда бірде бір рет жарна төлемеген.

Нұрлан Қасымов, «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмек алуға құқықтары бар. Оның ішіне жедел жәрдем кіреді. Шұғыл жағдайға болып қалған науқастар кіреді. Және инфекциялық аурулар туберкулез, вич, психиатрия деген сияқты. Оның әбір кіреді. Және учаскелік дәрігердің көмегі кіреді. Егер сақтандырылмаған азаматтарға ары қарай тексерілу қажет болса, мәселе узи , кт онда олар немесе сақтандырылу керек.

Бұдан бөлек биылдан бастап стоматология қызметі қор есебінен қаржы бөлінеді. Бірақ бұл қызмет бөлек санаттағы азаматтарға ғана көзделген. Бұл үшін өңірдің 35 тіс емдеу орталықтарымен келісімшарт жасалған.

Нұрлан Қасымов, «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры:

Екі түрі бар ғой. Жоспарлы стоматология дейміз, және жедел стоматология дейміз. Жоспарлы стоматология тек қана балаларға қол жетімді. Және жүкті әйелдерге. Ал жедел стоматология дейміз ғой. Тісің ауырып қалса, ол зейнеткерлер, мүгедектер, АСП алатын азаматтар. Көп балалы аналар. Арнайы тізім бар.

Биыл қор қызметі кеңейе түсті. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жүкті әйелдер емхана мен босану үйін өзі таңдай алады. Оларға медициналық көмек тегін көрсетіледі. Соңғы 3 айда қор есебінен балаларға 437 ота жасалды. Былтыр 2 мыңға жуық операция өтті. Айта кетейік, 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ел бойынша 1 триллион 679 млрд. теңге түсті.

Әйгерім Тоқпанқызы