2022-жылдың көлік салығын 10 мыңнан астам адам төлмеген. Мемлекеттік кірістер департаменті ол азаматтарға 1-сәуірге дейін уақыт беріліп отырғандығын айтады. Берешегі ең көп азаматтар қала тұрғындары.

2022-жылдың көлік салығын 10 мыңнан астам адам төлмеген. Мемлекеттік кірістер департаменті ол азаматтарға 1-сәуірге дейін уақыт беріліп отырғандығын айтады. Берешегі ең көп азаматтар қала тұрғындары.

Көлік салығын ҚР қаржы министрлігі, мемлекеттік кірістер комитетінің порталында орналасқан «калькулятор» сервисін пайдалана отырып есептеуге болады.

Берешекті Е салық азамат мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. 2022-жылғы салық өткен жылдың айлық есептік көрсеткішімен есптеледі. 2023-жылдың 20-наурызындағы есеп бойынша көлік салыығының берешегі жалпы 580 млн теңгеден асқан. Ал, біз көлік жүргізушілерінен өткен жылдың салығын төледіңіз бе деп сұрап көрдік.

Бірінші сәуірден кешіктірген көлік иелеріне айыппұл салынады. Салықтық берешегі бар жүргізуішерлің ең көбі облыс орталығының тұрғындары.

Жанасыл Серікбол