Химия және биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Шымкент қаласында республикалық пәндік олимпиадада топ жарып, жүлделі оралды. 11 оқушы алтын, күміс, қола медаль еншілеп, білім додасында аймақ намысын қорғап келді.

Зияткерлік сайыс информатика, биология және физика пәндері бойынша өтті. Біздің өңірден 13 шәкірт барды. Олардың басым бөлігі жоғары нәтеже көрсетіп, олжалы оралды. Сөйтіп, біздің облыс құрамасы бесінші мәрте еліміздің үздік олимпиадалық тобы болып танылды.

Думан Сапақов, Павлодар қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

Павлодар қаласындағы мектепке келетін болсақ. Бұл да үздік мектептердің арасында жүрген биыл да біздің оқушылар да жақсы нәтеже көрсетіп отыр. Соның ішінде 2 пәннен бізде алтын география және биология пәнінен сосын 5 пәннен күміс медаль. Және 4 пәннен қола медаль. Осындай нәтежемен келіп отыр оқушылар.

10 сынып Егнай Жасын информатика пәні бойынша қатысты. Ол республикалық жарысқа алғашқы рет бақ сынады. Мектепішілік, облыстық бәйегеде топжарды.

Егнай Жасын, 10 сынып оқушысы:

Өзім информаткика пәнінен тапсырмым. Балалар әрине мықты болды. Бірінші орын алмадым бірақ келесі жылы тырысамын. Тапсырмалар бойынша айтсам бірінші тур көптеген балалар үшін жақсы өтті. 2 ші тур өте қиын болды.

Мектеп ұжымы игі бастамаларды қолдап, оқушыларға барынша демеу береді. Себебі бұндай жарыстар жеткіншектерді шабыттандырады. Айта кетейік республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 900-ден астам оқушы қатысты.

Әйгерім Тоқпанқызы, Ермек Сапаров