Облыстық тері-венерология орталығында меланома қатерлі ісігінен алдын алу мақсатында «Меңді тексер-өмірді сақта» ұранымен ашық есік күні өтті. Шара аясында дәрігерлер диагностикаға келген 47 адам денсаулығын тексерді.

Меланома бұл қатерлі ісік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетке шалдыққан адамдар саны артқаны жайында байбалам салуда. Аурудың алдын - алу үшін диагностика жасау қажет. Облыстық тері венерология орталығында өткен қабылдауға 47 адам келді. Оның ішінде 11 азаматты ақ халаттылар қатерлі ісікке күдікпен онкологиялық диспансерге жіберді.

Гүлзада Жүнісова, тері-венерология орталығының дәрігері:

Қандай факторларды ескерту керек. Жаңа меңдердің күтпегеннен пайда болуы оннан сегіз жағдайда меланома ерте өзгермеген теріде пайда болады. Сондықтан терідегі пигментті өсінділердің пайда болуын бақылау өте маңызды. Бұрынан бар меңдердің өзгеруі меланома бұрыннан бар меңнің фонында пайда болуы мүмкін, бұл оның тез өсуіне, пішіні мен түсінің өзгеруіне әкеледі.

Меланома адам терісінде пайда болады. Емдеу жолдарын тек онколог дәрігер ғана жүргізеді. Дерматоскоп құралы арқылы терінің үстіңгі қабатының астына үңіліп, терідегі меңді үлкейтіп көре алады. Дәрігерлер жалпы күн жылынып, жаз шыға сала дене терісіне ерекше мән беріп, сақтық шараларын жүргізуге шақырады. Бұдан бөлек соңғы кезде косметолог мамандары меңді алып тастау процедураларын жүргізетіні жайында да айтты. Бұл шараны тек қана білікті маман жүргізуі тиіс.

Гүлзада Жүнісова, тері-венерология орталығының дәрігері:

Алдын алу күн сәулесі алдында болуды шектеу. Күннен қорғайтын кремдерді ақ киімдерді және кең шляпаларды қолдану. Әсерін болдырмау. Теріні үнемі тексеріп отыру бірақ меңдерге ерекше назар аудару. Тәуекел факторлары бар адамдар үшін мең маңын жыл сайынғы тескеру. Әрине, дәрігерге бару керек. Дерматоскоппен қараймыз. Керек болсақ, онкологқа жібереміз. Меңдерді онколог алған дұрыс. Косметологтар емес.

Меланома профилактикасы бұл күннен қорғану. Мамандар күн көзінде ұзақ уақыт жүрмей, күн сәулесіне қарсы жақпаларды қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ уақытында дәрігерге қаралу керектігін айтады.

Әйгерім Тоқпанқызы