Екі қолға бір күрек тауып, еңбек етемін деген адамға әрдайым жұмыс бар. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, берекелі жобалар енгізіліп жатыр. Биыл жастарға арналған төмен пайызда несие беріле бастады. Бұл көкжиегі кең бағдарламаның ережелері жайында толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Нәпақа тауып, ісін дөңгелетем деген жас азаматтарға қолдау бар. Биыл жүзеге асырыла бастаған игілікті науқанға жасы 21 ден 35 жасқа дейін жастар қатыса алады. Павлодар өңіріне 785 млн теңге бөлінді. Қаржыландырудың басты мақсаты жастардың кәсіпкерлік ынтасын ояту.
Ардақ Таңжарық, «Аграрлық несие корпорациясы» филиалы АҚ директоры:
Ел бойынша 28 млрд 908 млн теңге бөлінді. Оның 785 млн теңгесі Павлодар облысына тиесілі.Біз 157 жоба болады деп болжап отырмыз. Бірақ одан да көп болады деп күтілуде. Несие 5 теңгеге дейін беріледі.
Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%. Төлеу мерзімі – 5 жыл. Ауыл шаруашылығына қаражат 7 жылға беріледі. Кепілдік қою талап етіледі.
Ардақ Таңжарық, «Аграрлық несие корпорациясы» филиалы АҚ директоры:
Аграрлық несие корпорациясы 518 млн 600 мың теңге сомасына 113 өтінім қабылдады. Комиссия қарауына құны 177 млн теңге сомасына 38 өтінім жіберілді. Қазір 14 млн теңгеге 3 кредит берілді.
Бизнес жоспар құрылып, жоба комиссия мүшелерімен қаралады. Айта кетейік, мақұлданған несиені 1,5 жылдан соң төлеуге болады.
Әйгерім Тоқпанқызы