Ертіс ауданында жыл басынан бергі көрсеткіш бойынша қылмыс деңгейі 31 пайызға төмендеген. Осылайша аудан бұл тұрғыда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл жағымды жағдайға аудандық прокуратура тарапынан атқарылып жатқан алдын-алу шаралары да өз септігін тигізген.

Ауданда қылмыс саны төмендегеніне қарамастан прокурорларды алаңдататын мәселелер әлі де көп. Соңғы кездегі интернет алаяқтық халықтың да мазасын қашырған. Онлайн-несие рәсімдеу, жалған сауда жасау онлайн аялаяқтардың негізгі кәсібі.

Дастан Файзулин, Ертіс ауданының прокуроры:

Соңғы төрт айда аудандағы қылмыс саны 31 пайызға азайды. Алайда, екі бірдей ауыр қылмыс тіркелді. Ал, ұрлық 11 пайызға азайды. Мал ұрлығы мен алдау қылмысы да төмендеді. Десе де, алаяқтық мәселе күйінде қалып отыр.

Құқық қорғау оргондары тұрғындардан белгісіз қоңырауар мен хаттардан абай болуға шақырады. Прокуратура қазіргі уақытта қарапайым халықтың және бизнес қауымдастықтың құқығын қорғауға баса мән беруде.

Дастан Файзулин, Ертіс ауданының прокуроры:

Бізде кәсіпкерлер құқығын қорғаудың бірнеше жарқын мысалы бар. Атап айтсақ, наурыз айының бірі күні ауданымыздың бір кәсіпкер прокуратураға жүгінді. Оған полиция тарапы көлік құралына әкімшілік шектеу қойған. Аталған қылмыстық істі зерделеу барысында көрсетілген шаралардың негізсіздігі анықталды. Осыған байланысты прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, тыйым салу және шектеу шараларының күші жойылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта азаптауларға қарсы күресу және мұндай құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар да прокуратура жұмысының негізгі басымдығына айналды. 2023 жылдан бастап азаптауды қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу прокуратура органдарына жүктелді.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров