Павлодар қаласында жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды. Сәби 2600 келі салмақта, жүктіліктің 36 аптасында дүниеге келді. Бүгінде ұл баланың жағдайы жақсы.

Сәби перзентханадан бірден облыстық ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл ота жасалды. Екі сағатқа жалғасқан операция сәтті өтті. Жұлын қабықтары қалпына келтірілді.

Талғат Қасымбаев, балалар облыстық ауруханасының нейрохирургі:

11-ші мамыр күні туды. Таңертеңгі сағат 4 уақытында туып, таңғы сағат 9 кезінде мен консультацияға шақырылдым. Сол жерде бала қаралып, жұлын түтігнің туа біткен ақауы анықталды. Арқасында жұмсақ терісінің жоқ болуы. Жұлынның ашық жатқаны анықталды.

Нәрсете денсаулығындағы ақау өте сирек кездеседі. Десе де, Павлодар облысы бойынша 1 жыл ішінде мұндай диагнозы бар 5 жағдай тіркелген. Көп жағдайда мұндай дертке шалдыққан балалардың жұлын түтігінің толық қалыптаспауынан терісі жабық болады. Бұрын осы сынды операцияны тек республикалық орталық мамандары жасаған.

Талғат Қасымбаев, балалар облыстық ауруханасының нейрохирургі:

Қазіргі жағдайда бала туған кезде жұлын түтігі ашық болуымен қатар, жұлын сұйықтығы ағып жатты. Сондықтан инфекцияның өршу қауіпі үлкен болды. Жұлын тікелей миға барып жалғасады. Бұрынғы кезедрде кездесетін жиі асқыну миға инфекция шабу. Тікелей баланың өмірін қауіп төндіреді.

Бұл ақау сәбиде туа біткен. Дәрігерлер жұлын түтігінің қалыптасу кезінде немесе ана жатырында түрлі себептермен пайда болады деп бөлісті. Бүгінде бөбектің жағдайы жақсы, сауығып үйіне шығарылды.

Мөлдір Сағидолла