Мұзафар Әлімбаев атындағы білім ошағы жаңа спорт түрі бойынша жарыс ұйымдастырды. «ҚазХок» деген атаумен жаңғыртылған спорттың бұл түрі ежелден бар. Нақтылайтын болсақ, «Қазан» көне қазақ ойыны. Мектеп ұжымы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ежелгі дәстүрді қайта жаңғыртқан.

Жарыстың негізгі ұйымдастырушысы Серік Темірғалиев. Ол осы жоба арқылы ойынға жаңашылдық енгізіп, авторлық құқық алыпты.

Серік Темірғалиев спорттың бұл тұрі көпшілік ішінде қолдау табатындығына сеніммен қарайды. Сондықтан да, насихаттау жұмыстарын жалғастыра бермек. Тіпті, жас ұрпақты тәрбиелеуде жолында, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында таптырмас құрал деп біледі.

Жарысқа қатысушы командалар ойын бойы барын салып өнер көрсетуде. Әрқайсысы жеңіс тұғырына лайықты.

Спорттың бұл түрі жақында ғана қолға алынса да жастар арасында кеңінен танылып үлгерген. Тіпті, сұранысқа да ие. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған жарыс – болашақ даму жолындағы алғашқы қадам болып табылатыны сөзсіз.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Герман Сосновцев