Өңірде көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл шаруалар 1 миллион 649 мың гектар жерге өнім екті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 71 мың гектарға артық.
Биыл егіс алқабы жемшөп, дәнді және картоп дақылдары егу есебінен артқан. Дәнді дақылдар 983 мың гектар, жемшөп 335 мың гектар жерге салынды. Жалпы диқаншылар жұмыс барысында егінге 14 мың тонна тыңайтқыштар енгізді. Бұл былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артық.
Ерғанат Әубәкіров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Қазіргі егін алқабы 1 млн 649 мың гектарды құрайды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 71 мың гектарға артық. Бұл егу алқабының көбеюі әсіресе бидай, жем шөп және картоп дақылдарының ұлғаюымен себеп болып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстары барысында 152 мың тонна сапалы тұқым енгізді. Тұқымдар 100 пайыз экспертизадан өткізілді.
Бұдан бөлек шаруаларға арзандатылған дизель отыны толықтай жеткізілді. 23 мың тонна жанар жағармай отыны бөлінді. 1 тонна бағасы 228 мың теңге.1 литрі, 191 теңге. Республика бойынша ең арзан баға Павлодар өңірінде.
Ерғанат Әубәкіров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Сонымен қатар қазір біз дизель отыны бөлінгеніне орай бірге егін жинау жұмыстарына мына дизель отынын өтінімдерді қабылдап тастадық. қазір қабылданған өтіімдер бойынша қажеттілік 28 мың тоннаны құрап отыр. Шілде айынан бастап бөліне бастайды. Сонымен қатар егін жинау жұмыстарына субсидия бөлінді қаражат. Бұл әсіресе өсімдік шаруашылығн дамыту бойынша 3 млн 600 мың теңге бөлінді.
Көктемгі дала жұмыстарына 2800 трактор, 1820 бүркеуіш сонымен қатар 2400 егін егу кешені жұмылдырылды. Жаздың алғашқы күндерінен бастап, күн райы күрт ысыды. Ал басқарма мамандарының сөзінше алаңдауға негіз жоқ. Қажетті шаралар қолға алынған.
Ерғанат Әубәкіров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Облысымызда 150 мың гектардан астам жер суармалы жерлерге жатады. Оның ішінде 77 мыңы шаруақожалықтарына тиесілі. Енді қазіргі уақытта біз қыс мезгілі кезінде қар тоқтату жұмыстарын жүргіздік. 1 млн гектардан астам осы шаралар арқасында егінді агротехникалық сақтау барысында біз алғалдықты сақтап қалдық.
Биыл 25 500 гектар жерге картоп, 10 мың гектарға бау бақша дақылдары егілді. Шарбақты, Успен, Тереңкөл аудандарын 100 мың гектар майлы дақылдар салынды. Ал Павлодар және Аққулы аудандарында 3 мың гектар жерге қызылша егілді.
Әйгерім Тоқпанқызы