Павлодар облысында қатты дауыл ғимараттардың шатырын жұлып кетті. Екібастұздағы ГРЭС-2 станциясының төбесі тас талқан болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әкімшілік ғимараттың шатыры 2010 жылы жөндеуден өтіпті. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Ал Павлодарда тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды. Қатты дауыл бағандарды құлатып кеткен.