«Ертіс» музейінде тәтті көрменің ашылуы өтті. «Шоколад музейінде» 30 жуық эскпонат қойылды. Көрменің алғашқы қонағы болып қатқан әріптесім жалғастырсын.

«Шоколад музейі» деген атаумен еліміздің әр аймағына бас сұғып, балаларға көңіл-күй сыйлап жүрген музей шаһарымызға Қарағанды қаласынан келді. Ұйымдастырушылар тәттілер көрмесіне 30 жуық күрделі эспонат қойды. Ерекше көрме залында жануарлар мүсінін, тіпті музыкалық аспапатарды көруге болады.

Анастасия Денисова, экскурсия жетекшісі:

Бұл көрмеде біздің ең қызықты және күрделі экспонаттар қойылған. Атап айтсақ, фортепиано, пингвиндер және бүркіттер. Бұл ең ауыр экспонаттар және оларды дайындаудың өзі үлкен еңбекті талап етеді.

Тәттіге ерекше құмар балдырғандар үшін бұл музей мол әсер сыйлағаны сөсіз. Көрменің алғашқы қонақтары болған жеткіншектер көрмеден ерекше әсер алды.

Анастасия Чиркова, көрме қонағы:

Маған ең қатты ұнаған экспонат – пингвин. Ол менің сүйікті жануарым. Ал бұл жердегі пингвин ұнамауы мүмкін емес. Себебі ол шоколадтан. Ал, баршамызға белгілі болғандай, шоколадты барлығы жақсы көреді. Әсіресе мен.

Қала тұрғындары мен қонақтары тәттілер көрмесін маусым айының 28 дейін тамашалай алады.

Ақмаржан Қалымбек