Павлодарлық тоғызқұмалақшылар кезекті рет биік нәтижелерін көрсетті. Мамыр айының 15- і мен 22- сі аралығында Ақтау қаласында өткен командалық чемпионатта үздіктер қатарынан табылды.

Командалық чемпионат ерлер мен әйелдер арасында өткен. Онда павлодарлық тоғызқұмалақ шеберлері сәтті өнер көрсетіп, тұғырдың жүлделі сатысына көтерілді.

Жарысқа жиыны 15 команда қатысқан. Жеңіске жеткен біздің қыздардың құрамында Аружан Тілеубекқызы да бар.

тоғызқұмалақ зияткерлі спорт. Байыпты мінез, салиқалы шешім керек. Жеңіске жету оңай болған жоқ. Себебі бәсеке күшті.

Қазір тоғызқұмалқашылар келесі айда Талдықорғанда өтетін жарысқа дайындалуда. Әр жеңістің ашшы термен келетіндігін білетін олар әр жүрісті шыңдап, әр қадамды нықтау үстінде.

Жанасыл Серікбол