Ертіс ауданында мектеп жанындағы лагерьлерде балаларға бауырсақ пен құрт жасауды үйретеді. Ұлттық асхананың қыр-сырын оларға ауылдың ақ жаулықты әжелері айтады. Жазғы демалысты қалай өтіп жатқаны туралы келесі сюжетте.

Ертіс ауылының №3 мектебінде «Жаз шуағы» лагері жұмыс жасайды. Биылғы маусымда басымдық айдентика бағытына беріледі. Осылайша қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдет-ғұрпына, дәстүріне басымдық болады. Оқушылар жаз уақытында ұлттық тағамдармен танысады.

ЛЮБОВЬ ТЕМІРБАЕВА, ЕРТІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Балаларға көрсеткеніміз қазақ ұлтының тағамы құрт деген. ОЛ құртты балаларға түсіндірдік. Іріген сүтті қайнатып, сарғайғанша қайнатып, әлі суын шығарып, қант қосамыз. Осылай тәтті құрт боп шығады.

Лагерьдің жанындағы кеңес беріп, жол сілтейтін «Әжелер аталар» клубы жұмыс жасайды. Әжелер асхана тақырыбында түрлі шеберлік сыныптарын өткізеді. Ине мен жіп ұстау, кесте тігу бойынша бар білгендерін ортаға салады.

Жалпы аталмыш лагерьге 65 бала барады. Олар атқа мінеді, құрт пен бауырсақ пісіреді. Тігін машинасымен танысып, жаңа дағдыларды үйренеді.

САНДУҒАШ БЕКЖАСАРОВА, №3 МЕКТЕПТІҢ БАСШЫСЫ

Балаларға қызық екенін байқап жүрміз. Біз мақсат тарихпен таныстыру. Себебі қазіргі уақытта балалар дайын фаст фудтарды тапсырыспен ала салады. Ал оның қалай дайындалғанын көрсе одан әрі қызық болатын секілді. Енді қоспа істеуді, ірімшік қайнатуды үйретуді жоспарлап отырмыз.

Ал жоғары сыныптағы оқушылар үшін салалық, экологиялық бағыттар қарастырылған. Инклюзивті білім беруге де назар аударылып отыр. Оларға иппотерапия сабағы өтеді.

САмал Қалиқызы, Ермек Сапаров