Елімізде күнбағыс майы өндірісі өсуде. Биылғы жылдың алғашқы 2 айында ғана 100 мың тоннаға жуық өнім шығарылды. Бірақ өндірістің өсуіне қарамастан, елдің кейбір аймақтарында бағаның өсуі байқалады. Алдағы сюжетте толығырақ,

Егін жинау науқаны азық-түлік бағасына әсер етті. Мәселен, Қазақстанда соңғы аптада күнбағыс майы орташа есеппен 1,6% - ға қымбаттаған. Бір литр майдың орташа құны 650 теңге. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себептер бар екенін жасырмады.

Астанада бір апта ішінде майдың литрі орта есеппен 751 теңгеге, Атырауда – 711 теңгеге, Ақтауда 687 теңгеге өскен. Ең төмен баға Павлодарда, Қарағандыда және Шымкентте. Сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілу себептерінің бірі өндіріс құнын арттыру болып табылады. Жанармай, электр энергиясы және көлік қызметтерінің қымбаттауы күнбағыс майының түпкілікті құнына айтарлықтай әсер етеді.

КИРИЛЛ ПАВЛОВ, САРАПШЫ

Қазақстанда майлы дақылдар өсті, бірақ Ресей өз дақылдарын миллион гектарға қысқартты. Мен бұл туралы көктемде тұқымның бағасы өсетіні туралы жазғанмын. Сәйкесінше бағасы қымбаттайды. Бұл жағдайда біздің сөрелерде тұрған күнбағыс майының көпшілігі бізде жоқ екенін ескеруіміз өте маңызды

2021 жылы күнбағыс майы бағасының ең жоғары өсуі байқалды. Мамандар оның негізгі себептерін атап өтті. Бұл, елімізде және әлемде шикізаттың жетіспеушілігі, егін бағасының өсуін атап өтті. Ал өңір тұрғындарының осы жылдағы баға тұрақты ма деп сұрап көрдік.

Нәтижесінде, күнбағыс майының бағасына қатысты түрлі жауаптар алдық. Яғни, тұрғындар қалталарындағы қаражатқа қарай әртүрлі пікірде. Дегенмен өмірлік маңызы бар азық-түліктер бағасының қолайлы болғаны әлдеқайда жақсы.

Қымбат Садық, Валентина Леонова