Павлодарда мемлекеттік қызметшілер мектебінен 16 жас оқып шықты. Олар болашақта өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстыра алады. Толығырақ келесі сюжетте.
Мемлекеттік қызмет мектебіне 40-тан астам жас өтініш білдірген. Олардың 16-сы 40 академиялық сағатты 5 модуль бойынша оқып шықты.
НҰРАЙЫМ ДІНМҰХАММЕД, СТУДЕНТ
Жас мемлекеттік қызмет мектебі бізге болашақта көмектесетін жаңа білім мен бағдарламаларды алу, дағдыларды үйренуге тамаша мүмкіндік екенін айта аламын. Осында дәрістер, практикаларды өткізді. Маған қарым қатынас туралы ұнады. Бұл басты дағдылардың бірі.
Мемлекеттік қызметшілер мектебі өзін оқыту және дамыту бағдарламасы ретінде көрсеткенімен оқуға келген тыңдаушылар, оқыту аяқталғаннан кейін бұл жұмысқа қабылдануға әлеуметтік баспалдақ.
РИНАТ НҰРҒОЖИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Біздің филиалмен агенттіктің бірлесе отырып, жас мамандарға 40 академиялық сағаттық бағдарламаны әзірлеп өткізіп жатырмыз. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ертең мемелкеттік қызметкер орналасып жас мамандарды мемлекеттік қызметтік кірі жағын бейімдеу, түсіндіру, дайындау болып отыр. Жастармен мемлемкеттік қызметті көпір ретінде қарастыру.
Оқыту соңында болашақ мемлекеттік қызметшілерге сертификаттар табысталды. Олар енді тәжірибеден өтіп, тест тапсыра алады.
Самал Қалиқызы