Мемлекет басышысы жақында жаңа Бюджет кодексін бекітті. Бұл құжат мемлекеттік ресурстарды дұрыс бөлуді, қаржылық тәртіпті күшейтуді және елдің тұрақты дамуына жағдай жасауды көздейді.

Реформаның басты бағыттарының бірі – қаржы саясатын үйлестіру. Жаңа Бюджет кодексі салық-бюджет, ақша-несие және фискалдық саясаттың өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мемлекеттік қаржы тұрақтылығын нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

АЛМА МУСИНА, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

Біз бәріміз әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктерді пайдаланамыз. Әрқайсымыздың зейнетақы алатын ата-анамыз бар. Балаларымыз мектепте, балабақшада білім алады. Бұл – әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы. Сондықтан мемлекеттік реформаларды жүзеге асыру үшін осындай шаралар қажет.

Жаңа Бюджет кодексінде алты негізгі бағыт қарастырылған. Олардың ішінде ең маңыздысы – бюджет процесін оңтайландыру, Парламенттің бақылауын күшейту және Ұлттық қор қаражатын реттеу. Бюджет процесін оңтайландыру аясында жоспарлау мерзімі қысқартылды. Парламенттің бақылауы күшейтіліп, енді мемлекеттік кепілдіктер бойынша лимиттерді бекіту құқығы тек Парламентке берілді. Ұлттық қор қаражатын пайдалану қағидалары нақты белгіленді.

Сабина Жолдаспаева.