Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейінде Павлодарлық суретшілердің бірі Тілеулес Әбілдинованың “Өмір өрнектері” атты жеке көрмесі ашылды. Онда 30 картина қойылды. Толығырақ тілші материалында.
Көрмеде суретші бір жыл бойы салған ең үздік жұмыстарын ұсынды. Ол бұл өнерге бала күнінен қызығып, түрлі байқауларға белсенді қатысқан. Кітапхана саласында қызмет ете жүріп, көркемөнерді насихаттай алды.
ӨСЕРБАЙ ШОРАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Суретші ретінде айтатыным өзі бір жан дүниесімен, шын жүрегімен салады. Жұмыстарында қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмысы жайлы тамаша, жүрек тебіренетін жұмыстары бар. Енді болашақта талай-талай әдемі жұмыстар көрсетеді мына өнерсүйер қауымға деп ойлаймын.
Өмір өрнектері атты жеке сурет көрмесінде 30 картина ұсынылды. Бұл туындылар майлы бояумен орындалған, бірақ олардың бәрінде суретшінің терең ойы мен сезімдері ортақтасып жатыр.
ТІЛЕУЛЕС ӘБІЛДИНОВА, СУРЕТШІ
Менің өмірімде қандай нелер боп жатыр сол менің суретімде. Әке-шешем не берді, жас, бала кезімде немене көрдім соның бәрі осы суреттің арасында деп ойладым. Былай қарағанда қазақ деген қаным болғаннан кейін қазақша колорит. Мына көрмені жасауға жұмыстарымды дайындағаныма 1 жылдан асады, ал кейбір этюд жұмыстар бұрын жасағандарым.
Қазіргі таңда ол осы салада еңбек етіп, өнердің қыр-сырын үйретуде. «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығының» шеберханасында бейнелеу өнері бойынша білім беріп, жас ұрпаққа шығармашылық жолын танытуда.
Қымбат Садық